Ақтөбе: «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында семинар өтті 2911

Ақтөбе: «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында семинар өтті

06 қыркүйек 2023 237 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Діни оқу-ағарту» бағытының 2023 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қала имамдарының білімін жетілдіруге арналған «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында семинар өтті.

Аталған семинарды облыстық мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов ашып, қатысушыларға семинардың маңыздылығын айтып, спикерлер РАНТ мүшесі, Алматы қаласындағы «Орбита – 3­» мешітінің Бас имамы Дастан Құрманбаев пен «AQTOBE» телеарнасындағы тақырыптық бағдарламалар бөлімінің редакторы, тележүргізуші Амангелді Атабайұлын таныстырды.

РАНТ мүшесі уағыз-насихат айтудың әдіс-тәсілдері мен түрлеріне жіті тоқталды. Ал Амангелді Атабайұлы ораторлық шеберлік туралы толық баяндап, жаттығуларын көрсетті.

Шара қортындысында наиб имам спикерлерге алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі