Иман жолындағы ерлік: Астанадан Меккеге жаяу аттанған Азамат 6480

Иман жолындағы ерлік: Астанадан Меккеге жаяу аттанған Азамат

27 маусым 2026 15 Оқу 0 минут

Қажылық – исламдағы бес парыздың бірі. Әрбір мұсылманның жүрегінде қасиетті Меккеге барып, Қағбаны тәуәп ету арманы бар. Сол арманды ерекше жолмен жүзеге асыруды мақсат еткен астаналық Азамат Сәрсембай бүгінде көпшіліктің ықыласына бөленіп отыр. Ол қасиетті сапарға көлікпен емес, жаяу аттануды жөн көрген.

Азамат Сәрсембай өз сапарын Астана қаласынан бастап, Сауд Арабиясындағы қасиетті Мекке шаһарына дейін шамамен 8 мың шақырым жолды жаяу жүріп өтуді жоспарлаған. Оның бағыты жеті мемлекеттің аумағы арқылы өтеді. Бұл – тек физикалық төзімділікті ғана емес, мықты рухани дайындықты да талап ететін үлкен сынақ.

Жаяу жүргіншіні кездестірген хромтаулықтар оны қонақ қылып, сапарына сәттілік тіледі.

– Қазақ халқы ежелден сапарға шыққан жанға ақ жол тілеп, батасын берген. Бүгінде Азаматтың қажылық жолындағы қадамы да көпшілікке сабыр мен табандылықтың, сенім мен тәуекелдің үлгісін көрсетіп отыр, – деді Хромтау ауданының бас имамы Марал Иманғали.