«Бақытжан» мешітінде Мәуліт кеші өтті
Адамзаттың асылы, екі дүниенің шамшырағы – ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған айына орай «Адамзаттың асылы — әз Мұхаммед» атты «Бақытжан» мешітінде Мәуліт кеші өтті.
Игі шараға 100-ге жуық қыз-келіншектер қатысты. Шара Құран оқумен басталды. «Әжелер» мектебі (с.ғ.с.) пайғамбарымызға салауат айтты. Сонымен қатар, кеш барысында монологтар, балалардың шығармашылық қойылымдары және пайғамбар (с.ғ.с.) сүйген ас түрлерінен көрме ұйымдастырылып, көпшілікке таныстырылды.
Ал мешіт ұстазы, РАТТ мүшесі Анар Қойшығұлова насихат айтып, сүннеттің өміріміздегі орны мен көркем мінез-құлықтың маңызына тоқталды.
«Біз қаншалықты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін өмірімізге үлгі етіп жүрміз, сол тұрғыда өз-өзімізге есеп беріп, амалдарымызды саралауымыз керек», – деді Анар Қойшығұлова.
Сонымен қатар «Пайғамбар өнегесі» атты терме орындалып, ойындар ұйымдастырылып, қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Бұл игі басқосу жамағаттың жүрегіне имандылық нұрын сеуіп, ардақты елшінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен тағылым алуға шақырған тағылымды кеш болды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі















































