Әйел жамағаты арасында білім сайысы ұйымдастырылды 4836

Әйел жамағаты арасында білім сайысы ұйымдастырылды

16 қыркүйек 2025 96 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығы» - ның ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» атты сайыс өтті. 

Шалқар қайырымдылық мекемесінде ұйымдастырылған білім додасында ұстаз Жұлдыз Тлеубай жарыс шарттарын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа әйел жамағатынан 4 топ қатысып, дін, психология және спорт қамтылған 5 кезең бойынша сынға түсті.

Байқау қорытындысында әділқазылар алқасының шешіміне сәйкес үздіктер анықталып, алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі