Әйел ұстаздарына арнайы жиналыс өтті 3469

Әйел ұстаздарына арнайы жиналыс өтті

31 шілде 2024 1731 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде наиб имам Алмат Әлидің төрағалығымен қала және аудандық мешіттердегі әйел ұстаздарына арналған арнайы жиналыс өтті. Жиналыс барысында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің 2024 жылғы жоспарында бекітілген тапсырмалар талқыланып, Әйел-қыздар секторы бағытындағы жұмыстар пысықталды. Алмат Әли 5 бағыт аясындағы жұмыстарға ерекше тоқталып, арнайы тапсырмалардың орындалуын тексерді. Сонымен қатар ҚМДБ бекіткен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында жоспарда бекітілген іс-шаралардың тиянақты орындалуын түсіндірді. Сондай-ақ әр ауданда әйел-қыздар секторы жетекшілерінің жұмысын жандандырып, әйел жамағатына онлайн және офлайн дәрістер мен уағыз-насихатты көбейту керек екенін айтып өтті.Одан өзге жиналыс қортындысында әйел-ұстаздар жыл аясындағы атқарылған жұмыстарға байланысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.