«Бақытжан» мешітінің шәкірттері ауызашар берді
Қасиетті Рамазан айыныда бірлікті, татулықты ту етіп, ауызашардың сауабынан үміттенген «Бақытжан» мешітінің жастары ұстаздар мен ақ жаулықты аналарды ардақтап, ауыз ашар берді.
Бұл шараның арнайы қонақтары Ақтөбе өкілдігіндегі «Әйел-қыздар» секторы ның жетекшісі Кенжегүл Қушқарова, «Бақытжан» мешіті ұстаздары және РАТТ мүшелері Ақтолқын Тажикова мен Анар Қойшығұлова, сондай-ақ психолог Ардақ Касимова болды.
Рухани кеште жастардың өлең-жырлары, Рамвзан айының қадір-қасиетін аша түсетіндей арнау өлеңдер, түрлі танымды ойындар, мол сыйлықтар, дәмді асқа толы дастархан бәрі әдемі көрініс тапты.
Ал ұстаздар «Рамазан айындағы тақуалыққа жету жолдары», «Ысырап пен ынсап», «Озушылар мен жеңіске жетушілер сипаты» туралы насихаттар айтылды.
Сонымен қатар риза болған аналардың ақ тілегі мен ақ баталары жастарға жолданды.
Жалпы рухани кеш жамағаттың көңілінен шығып, ғибратқа толы ерекше көңіл күй сыйланды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі