«Білгенге маржан» атты білім сайысы ұйымдастырылды
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Гүлжайнар Мұсақызының ұйымдастыруымен «Білгенге маржан» атты білім сайысы өтті.
Шараның негізгі мақсаты – жамағаттың діни білімін тереңдету, білімге ынтасын арттыру және жастар арасында сауатты, парасатты буын қалыптастыру.
Сайыс барысында қатысушылар фиқһ, сира және Пайғамбарлар тарихы бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің дайындық деңгейін көрсетті. Әр бөлім бойынша күрделі де қызықты сұрақтарға қатысушылар жылдам ойлап, дәлелмен айтып және дұрыс шешім қабылдап, ерекше қабілеттерінде көрсетті. Сонымен қатар сайыс аралықтарында ұстаздар тарапынан қысқаша түсіндірмелер беріліп, тың ақпараттармен бөлісілді.
Үздік нәтиже көрсеткендерге арнайы алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.
Іс-шара қортындысында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, шараның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































