Әйел жамағаты «Адамзаттың асыл тәжі» атты жарыста топ жарды
Екі дүние сардары, ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған айы Мәуліт айына орай Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің әйел жамағаты арасында ұстаздар Жанат Орынбасарқызы және Гүлнұр Әбжамиқызының ұйымдастыруымен «Адамзаттың асыл тәжі» атты жарыс өтті.
Байқауға 12 қатысушы қатысты. Іріктеуден 6 қатысушы ақтық сынға өтті. Финалға жолдама алған қатысушылар арасында «Білім — қазына» атты интеллектуалды ойында бақ сынады. Онда сирадан бөлек, ақида және фиқһқа да байланысты сұрақтарға жауап берді.
Дода қорытындысы бойынша Таженова Ақгул мен Мухитова Асел 5000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал үшінші орын алған Жалмағанбетова Майра және Сарымсакова Дамеш 10 000 теңгее қаржылай сертификатты жеңіп алды. Ал үздің нәтиже көрсеткен 2 орын иегері Тұрсынбайқызы Айжанға 15 000 теңгенің сертификаты, ал 1 орын иегері Сапарбайқызы Замираға 20 000 мың теңгелік қаржылай сертификат табысталды.
Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































