Қайырымдылық мекемесінің тәрбиеленушілері сауат ашу орталығында білім алуда
«Жібек жолы» қайырымдылық мекемесінің тәрбиеленушілері Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер сауат ашу орталығында діни пәндер бойынша білім алуда.
Атап айтқанда, Құран әліппесі, Сияр, ислам әдебі, иман шарттары секілді арнайы пәндер оқытылады. Оларға Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстаздары Айдана Разақ және Гүлжайнар Мұсақызы дәріс береді.
Айта кетсек, бүгінгі таңда «Жібек жолы» қайырымдылық мекемесінде 15 бала тәрбиеленуде.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі