Мұғалжар: Әйел жамағатына шара ұйымдастырылды 2167

Мұғалжар: Әйел жамағатына шара ұйымдастырылды

07 қазан 2022 136 Оқу 1 минут

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық «Нұртай» мешітінде қарттар мен ұстаздар күніне орай іс -шара өтті. 

Аталған іс-шара Алла Тағаланың сөзімен басталып, кейін мешіт ұстаздары Гүлнұр Әбжамиқызы мен Айдана Талғатқызының уағыз-насихатымен жалғасын тапты. Сонымен қатар «Қарты бар үйдің – қазынасы бар»,- дегендей ұстаздар мешіт жамағатындағы әжелерге сыйлық табыстап, ақ баталарын алды.

Одан өзге шара қортындысында жамағат арасында білімімізді шыңдау мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, белсенді қатысқандарға сыйлық табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі