«Рамазан – Құран айы» атты  дәріс өтті 1506

«Рамазан – Құран айы» атты дәріс өтті

08 сәуір 2022 110 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Ардақ Бағдалқызының ұйымдастыруымен шәкірттерге арналған «Рамазан – Құран айы» атты дәріс өтті.

Аталған дәріс барысында ұстаз Рамазан айы – ізгі амалдардың сауабы еселене түсетін, құт, береке және рақым айы екенін атап өтті. Сонымен қатар ораза мен Құранның өзара байланысына тоқталды. Ал дәріс соңында Құран оқудың артықшылығы мен Құранды оқыған адамның дәрежесі көтерілетіндігі жайлы баяндады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі