Ақтөбе: «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты  шара ұйымдастырылды 3146

Ақтөбе: «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты шара ұйымдастырылды

18 желтоқсан 2023 3242 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты іс шара өтті. 

Аталған шара қасиетті Құран оқумен басталып, бейбіт заман үшін жандарын қиған барша тұлғалардың рухына бағышталды.

Сонымен қатар еліміздің егемендік жолындағы тарихи сәттері туралы бейнеролик көрсетілді. Одан өзге азаттық таңының қадір-қасиеті туралы мешіт ұстаздары Жұлдыз Бауыржанқызы және Назерке Айбекқызы уағыз-насихат айтты.

Шара барысында мерекеге орай ұйымдастырылған шығарма байқауы қортындыланып, үздік жұмыстардың иелері ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Шараға қатысушы ақ жаулықты әжелер баталарын беріп, ел тыныштығы үшін дұға етті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі