Әйел жамағаты арасында «З0 күнде 30 хатым» жобасы өтуде 1502

Әйел жамағаты арасында «З0 күнде 30 хатым» жобасы өтуде

08 сәуір 2022 95 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстағы ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруыменәйел жамағаты арасында «З0 күнде 30 хатым» жобасы өтуде. 

Аталған жоба он екі айдың сұлтаны Рамазан айы басталған күннен әр күн сайын офлайн және онлайн форматта 30 күн жалғасын табады.

Мешіт шәкірттері осындай игі жобаның ұйымдастырылғанына игі тілегін білдіруде.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспаөз қызметі