«Қабақ баба»: Рухани шара ұйымдастырылды
Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінде шәкірттерге арналғанРамазан айына орай рухани шара өтті.
Шараны мешіттің бас имамы Дүйсеев Нұрлыбек ашып, жиналған шәкірттерге құттықтау сөзін айтып, Рамазан айының қадір-қасиеті жайында насихат жүргізді.
Іс-шара барысында Рамазанға дайындық тақырыбында уағыз айтылып, шәкірттердің белсенділігін арттыру мақсатында Құран аяттарын мозаика ретінде құрастыру секілді танымдық ойындар өтті.
Айта кетсек, игі шара шәкірттердің рухани білімін нығайтып, қасиетті айға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі