#Рамазан2026: Әйел жамағаты көпшілікке ауызашар жиынтығын үлестірді
Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе қалалық мешітінің әйел-қыздар бөлімі жамағаты қасиетті Рамазан айында ауызашардың сауабын алуды ниет етіп, қала тұрғындарына су мен құрма үлестірді.
Бұл игі бастама — ораза ұстаған жандарға қолдау көрсетіп, сауапты іске үлес қосуға бағытталған. Шара барысында жамағат мүшелері шынайы ықыласпен қызмет етіп, көпшіліктің алғысына бөленді.
Рамазан — мейірім мен жанашырлықтың айы. Осындай сауапты істер арқылы қоғамда бірлік пен бауырмалдық нығая түседі. Алла Тағала жасалған әрбір жақсылықты қабыл етіп, еселеп қайтарсын!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































