Мешіт шәкірттері «Молда» фильмін «Өнер қырандары» театрының актерларымен бірге көрді
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің әйел жамағаты жақында жарыққа шыққан «Молда» фильмін көруге барды,
Елімізге танымал, халыққа тек әзіл ғана емес, ой салып, адами қасиеттерді, адамгершілік пен татулықты насихаттап жүрген «Өнер қырандары» театрының әртістері де көрерменмен бірге кнотеатрда тамашалауға Ақтөбе келген сәтінде мешіт шәкірттерінің барған сеанысына тұспа-тұс келді.
Кино аяқталғаннан кейін шәкірттер театр актерлерымен бірге естелікк суретке түсті.
Одан өзге кино соңынан киноталқы жасап, өз ой түйіндері мен әсерлерімен бөлісті.
Мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова «Тәубаның есігі әрдайым ашық екендігі, Алла алдындағы ұнамды іс - мұсылманды қуантып, қоғамға пайдалы, елге қайырымды болу, әр қиындықтан соң міндетті жеңілдік болатыны және де бір-бірімізге мейірімді, кешірімді болу» төңірегінде айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі