Шалқар: «Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз» атты шара өтті
Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің жанындағы қайырымдылық мекемесінде әйел жамағаты арасында «Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз» атты шара өтті.
Ең алдымен Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай және психолог маман Әлия Қаржаубайқызы шәкірттерді Наурыз мерекесімен құттықтап, мерекенің мән-маңызына тоқталды.
Игі шарада салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, әйел жамағаты бесік салу, тұсаукесер, қыз ұзату т.б. дәстүрлі рәсімдерге көрініс қойды.
Одан өзге ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында бірнеше жарыстар ұйымдастырылды.
Шара соңында ақжаулықты әжелер батасын беріп, елдің тыныштығын, жұртымыздың амандығын тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі