НАҒЫЗ ҚАЗАҚ - ДОМБЫРА \ Төлеби Оспан
Өкінішке қарай соңғы кездері кейбір дін ұстанған қауым арасында қазақтың ұлттық аспабын шариғатқа қайшы дейтін сөздер айтылып қалып жатады. «Адам білмегеніне дұшпан» демекші, әдетте мұндай жаңсақ ой домбыра жайлы хабары жоқ жаннан туады. Ендеше ойын-сауық және музыка жайлы шариғатымызда айтылған бірқатар деректерге назар аударайық. Музыка мен әуенге қатысты риуаят көп. Ең кең тараған деректерге талдау жасап көрейік.



































