«Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» атты семинар өтті 6579

«Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» атты семинар өтті

22 шілде 2026 96 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен және «Әзірет Біләл» мешітінің ұйымдастыруымен қала имамдарына арналған «Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» атты семинар өтіп, облыс бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов спикер болды. 

Семинарда Талғат Аманов ҚМДБ тарапынан шығарылған пәтуаларды таныстырып, олардың мәні мен қолданылу тәртібін кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар пәтуа берудегі ілімнің орны, жауапкершілігі және қазіргі қоғамдағы өзекті діни мәселелер жан-жақты талдады.

Ал имамдар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға спикер тұшымды әрі нақты жауаптар берді.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі