Сұрақ-жауап
13 January 2022 183
Салынғалы жатқан тұрғынүйді сату жолы қандай?

Қазіргі таңда көптеген тұрғын үйлер құрылыс картасы арқылы сатылуда. Бұл картада құрылыс нысанының сипаты, орныжәне т.б. баяндалады. Сатып алушы құрылыс басталмай жатып пәтердің құнын қалай төлейтініне алдын-ала келісім жасайды.Бұл келісімшартта екі тарапқа да үлкен жеңілдік бар.

Сұрақ-жауап
11 January 2022 278
Мүлікті банк арқылы сатуға бола ма?

Қазіргі кезде кәсіпкерлер немесе жеке тұлғалар мүлік пен тауарларын банк арқылы сатуға көбірек жүгінуде. Мұндай сауда барысында келісілген соманы банк сатып алушының атынан сатушыға, яғни кәсіпкердің шотына аударады немесе клиент төлем карталары арқылы өзі төлейді. Банк келісілген соманы бөліп төлеу жүйесімен клиенттен ай сайын алып отырады.

Сұрақ-жауап
30 November 2021 336
Жаман түс көргенде қандай амалдар жасау керек?

Түс көру сыры – әлі толық ашылып бітпеген ерекше құбылыс. Түстің кейбірі адам есінде анық қалса, енді біреуі мүлде есте сақталмайды. Түс - Рахмани түс, шайтани түс және қияли түс болып үш түрі болатыны туралы хадистерде айтылған. Ендеше, жаман түс көрсек қандай амалдар жасаймыз деген сұраққа пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистеріне сүйеніп амалдар жасаймыз.

Сұрақ-жауап
30 November 2021 386
Ит асырау күнәға жатады ма?

Шариғатымызда итті тек қажеттілік үшін яғни, үй-жайды, малды және егіс алқабын күзетуге, сондай-ақ аңшылық мақсатында асырауға рұқсат етіледі.

Сұрақ-жауап
08 November 2021 1175
Имамға ұйыған адам іштей сүрені оқи ма?

Ханафи мәзһабында қырағат қылу – намаздың рүкіні. «Фатиха» сүресін оқу уәжіп, ал имамға ұйыған адам сүре оқымайды. Құран Кәрімде: «Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер. Әрине мәрхеметке бөленесіңдер»[1].

Сұрақ-жауап
30 October 2021 780
Тамақты суыту үшін үрлеп ішуге бола ма?

Расында бала кезімізде әжелерімізден «Балам, тамаққа үрлеме, жаман болады» деген сөзді жиі естіп өстік. Сөйтсек бұл исламда анық көрсетілген «ас ішу әдебінің» бірі екен. Шын мәнінде пайғамбардан (с.ғ.с.): «Ыдысқа демалуға не үрлеуге тыйым салған», – деген риуаят жеткен (Термези, Әбу Дәуіт және Ибн Мәлик).

Сұрақ-жауап
30 October 2021 241
«Жақсы ойда болудың» мәні неде?

Әдетте адамға қандай бір жағдай болмасын, дереу жаман ой келеді. Міне, осы уақытта мұсылман басқа адамдар түрасында жақсы ойда болып, жаман ойға түсуден сақтануы тиіс деген ережені ұстануы керек.