«Жылулық сыйла» акциясы өтті 1089

«Жылулық сыйла» акциясы өтті

12 қараша 2021 245 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының «Бір аптада бір шара» жобасы негізінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Жылулық сыйла" акциясы өтті.

Аталған қайырымдылық шара барысында мешітке келіп өтініш білдірген көпбалалы және жалғызбасты, аз қамтылған 33 отбасыға 176.5 кг киім-кешек таратылды. Оның ішінде балалар және үлкендерге 21 күзгі және қысқы күртешелер, жылы тоқыма киімдер берілді. Сонымен қатар баспанасынан айырылған жалғыз басты әйелге 2 кілем табысталды.

Одан өзге Хромтау аудандық "Нұр" мешітінде екі жасөспірімге қысқы күртешелер мен аяқ киім беріліп, акция жалғасын тапты.

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі