Облыстың Бас имамы «Әйел-қыздар» секторына жиын өткізді 3666

Облыстың Бас имамы «Әйел-қыздар» секторына жиын өткізді

16 қыркүйек 2024 547 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің конференция залында облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің төрағалығымен облыс, қала, аудан ұстаздарына жиналыс өтті.

Аталған жиынға РАНТ мүшелері, имамдар мен ер ұстаздар және өкілдіктегі әр бөлімге жауапты мамандар қатысты.

Жиналыс барысында облыстың Бас имамы ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің 2024 жылғы жоспарында бекітілген тапсырмаларды талқылап, Әйел-қыздар секторы бағытындағы жұмыстар пысықталды.

Бес бағыт аясындағы жұмыстарға ерекше тоқталып, арнайы тапсырмалардың орындалуын тексерді.

Сонымен қатар ҚМДБ бекіткен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында жоспарда бекітілген іс-шаралардың тиянақты орындалуын түсіндірді. Сондай-ақ әр ауданда әйел-қыздар секторы жетекшілерінің жұмысын жандандыру мәселесіне тоқталды. Әйел жамағатына онлайн және офлайн дәрістер мен уағыз-насихатты көбейту керек екенін айтып өтті.

«Әйел-қыздар» секторына Ақпарат бөліміне байланысты ескерпелері айтылды.

Одан өзге облыс бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жаңадан бекітілген маманы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов пен «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының Ақтөбе облысы бойынша директоры  ретінде тағайындалған облыстық мешіттің наиб имамы Мажит Абишевті таныстырды.

Жиын талқысында жыл аяғына дейін атқарылуы тиіс нақты тапсырмалар жүктелді.

Одан өзге Діни басқармадан, өкілдіктен келген барлық қызметке аса мұқияттылықпен, уақытылы орындау талап етілді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі