«Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында білім сайысы ұйымдастырылды 3145

«Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында білім сайысы ұйымдастырылды

16 желтоқсан 2023 3389 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында әйел жамағаты арасында «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың ұйымдастыруымен «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында білім сайысы өтті.

Додада дін, әдебиет, психология бойынша сұрақтар негізінде бойынша 4 кезең болды. Жарысқа 9 қатысушы қатысты.

Мешіт жанындағы әжелер мектебінің белсенді мүшелері Гүлдариға Тақаева және Айғаным Жұмакешова сайыста төрелік етті.

Жарыс қортындысы бойынша І орынды «Отан», ІІ орынды «Айбын», ІІІ орынды «Тәуелсіздік» тобы иеленді. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі