Әйел жамағаты арасында білім сайысы өтті
Шалқар ауданында «Діни оқу-ағарту» бағыты аясында әйел жамағаты арасында білім сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – әйел жамағатының діни білімін жетілдіру, шариғи сауаттылығын арттыру және ілімге деген қызығушылығын нығайту.
Аталған долаға үш топ қатысып, қатысушылар фиқһ және ақида пәндері бойынша білімдерін сынға салды. Жарыс Kahoot платформасы арқылы өткізіліп, білім алушылардың діни сауатын бағалауға бағытталды.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды «Фирдаус» тобы, ІІ орынды «Әлиф» тобы, ал ІІІ орынды «Ясин» тобы иеленді.
Шара соңында жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































