Хромтау: «Ислам және ізгі қоғам», «Ихсан және насихат»,  «Дін мен дәстүр» бағыты аясында дәріс ұйымдастырылды 2538

Хромтау: «Ислам және ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Дін мен дәстүр» бағыты аясында дәріс ұйымдастырылды

09 наурыз 2023 291 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен өкілдіктің Баспасөз хатшысы, ҚМДБ-ға қарасты республикалық «Мұнара» телеарнасының тілшісі Ақтолқын Тажикова Хромтау ауданына іс-сапармен барып, аудандық «Нұр» мешітінде жиналған әйел жамағатына «Дін мен дәстүр», «Ислам және ізгі қоғам», «Ихсан және насихат» бағыты аясында дәріс өткізіп, шәкірттердің сұрақтарына жауап берді. 

Сонымен қатар Хромтау аудандық «Дін істері орталығы» КММ-сінің арнайы шақыртуымен «Арафат» мейрамханасында ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысып, жиналған жамағатқа сектор жетекшісі әйел мәртебесі тақырыбында уағыз айтты.

Ал өз кезегінде баспасөз хатшысы ҚМДБ бекіткен биылғы жыл –«Ислам және ізгі қоғам» бағытындағы жұмысы барысында әңгіме өрбіте келе, әрбір әйелдің ізгі қоғамның қалыптасуына қосатын үлесі зор екенін атап өтті.

Ұйымдастырушылар тарапынан шақырылған визажист маман ханымдарға табиғи қалпын сақтап қалуы үшін бет күтімі туралы кеңестер беріп, ерінің алдында әсем де әдемі көрінуі үшін бет әрлеу үлгілерін көрсетті.

Шара қортындысында ұйымдастырушылар қонақтар мен қатысушыларға сый-сыяпат ұсынды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі