Ақтөбе: Мүмкінділігі шектеулі жандар –  қоғамның тең мүшелері 1086

Ақтөбе: Мүмкінділігі шектеулі жандар – қоғамның тең мүшелері

10 қараша 2021 312 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастырумен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде №2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу ұйымдастырылды.

Игі шара барысында облыстық орталық мешіттің азаншысы Жарасхан Әбдісаламов пен «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарова мүмкінділігі шектеулі жандар – қоғамның тең мүшелері екенін атап өтіп, мешіттің ішкі құрылымы мен жұмыстарын таныстырып, шолу жасады. Сонымен қатар дұғаның маңыздылығына тоқталды.

Одан өзге іс-шара дастархан басындағы уағыз-насихатпен жалғасын тапты.

Шара қортындысына №2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры атынан облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кошкарова алғыс хатпен марапатталды. Қариялар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі