«Тәуелсіз елдің тарихы мен бүгіні» атты зияткерлік сайысы өтті 3035

«Тәуелсіз елдің тарихы мен бүгіні» атты зияткерлік сайысы өтті

27 қазан 2023 262 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде 25 қазан – Республика күніне орай әйел жамағаты арасында «Тәуелсіз елдің тарихы мен бүгіні» атты зияткерлік сайысы өтті. 

Дода барысында мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова «Тәуелсіздік – Алладан келген құнды нығмет» тақырыбында еліміздің елдігін, егемендігін қадірлеу, келер ұрпаққа аманаттай жеткізу, бейбіт өмір үшін шүкіршілік ету, елге қоғамға пайдалы болуға атсалысу, ел бірлігі үшін әрдайым дұғада болу насихатталды.

Зияткерлік сайыс мәнді, мазмұнды 7 кезеңді қамтыды. Атап айтсақ:

1 кезең: «Дін.Тарих. Тәуелсіздік»;

2 кезең: «Тұлғалар тағылымы»;

3 кезең: «Мақалдар мәйегі»;

4 кезең: «Көшпенділер керуені»;

5 кезең: «Сырлы бояу әлемі»;

6 кезең: «Бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол....»;

7 кезең: «Өлең – сөздің патшасы».

Сайысқа қатысушылар ұяшықтарды таңдау арқылы «Дін. Дәстүр. Тәуелсіздік» сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ тұлғаларды еңбектері, өмір, өнер, ерлік жолдары арқылы жасырып, ел рәмізі Қазақстан мемлекеттік туы салынды.

Одан өзге жарыс кезеңінде ұлттық құндылығымыз ою-өрнектер қиылып өрнектелсе, мақал-мәтелдердің келесі жалғасы айтылды.

Сайыс қортындысында Ақтөбе облысындағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегул Қушкарова әділқазылық етіп, жеңімпаздарды марапаттады.

Қатысушылар дода өте тартысты, мазмұнды боп өтті деп ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі