Наиб имам  Ырғыз ауданында 1162

Наиб имам Ырғыз ауданында

04 желтоқсан 2021 116 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман Ырғыз ауданына арнайы іс-сапармен барды.

Іс-сапар барысында Мұхаммедисмаил Шадман Ырғыз ауданының әкімі Әділкерей Әуелбаевпен кездесіп, жаңа ауданның Бас имамы Бауыржан Мырзабайды таныстырды. Сонымен қатар кездесуде өңірдегі діни ахуалды сөз етіп, аудан имамдарының әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге шақырды.

Одан кейін наиб имам аудандық мешітте жұмаға жиналған жамағатқа «Құран оқудың артықшылығы» туралы уағыз айтып, жамағатқа ауданның Бас имамын таныстырды.

Іс сапар қортындысы аудандық ардагерлер үйіндегі кездесумен жалғасын тапты. Арадегерлер жаңа ауданның Бас имамымен танысқаннан кейін жаңа қызметіне табыс тілеп, ақ батасын берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі