Мұхаммедисмаил Шадман «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақта болды 6619

Мұхаммедисмаил Шадман «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақта болды

13 тамыз 2026 26 Оқу 1 минут

Бүгін ЖАНТ мүшесі, Мұғалжар ауданының бас имамы Мұхаммедисмаил Шадман республикалық «Мұнара» телеарнасының эфирінде сұхбат берді.

Дін маманы РАТТ мүшесі, журналист Ақтолқын Тажикованың авторлық «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына арнайы қатысты. Сұхбаттың негізгі арқауы «Аманаттың түрлері» деген өзекті тақырыпқа арналды.

Бағдарлама барысында Мұхаммедисмаил Шадман аманаттың бес түріне жіті талдау жасап, дін мен дәстүр аясында тұшымды жауаптар берді.

Айта кетейік, республикалық деңгейде хабар тарататын «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына 5 жылдан бері тұрақты түрде түрлі дін мамандары, әлеуметтанушылар, психологтар мен өнер қайраткерлері қонақ болып, маңызды тақырыптарды қозғайды. Аталған шығарылым әр жұма сайын «Мұнара» телеарнасынан көрерменге жол тартады.

Бағдарламаның эфирде көрсетілу уақыттары мен телеарна нөмірлері төмендегідей:

• Көрсетілім уақыты: Сағат 06:30, 11:00, 18:00 және 20:30-да.

• Телеарна пакеттері: «Отау ТВ» (20-арна), «ID TV» (23-арна), ЦЭТВ (22-арна).

Шығарылымды 🌐 Ютубтан көру үшін сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=glQE_4U76Hk&t=25s

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі