Жамағат арасында футболдан жарыс өтті
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында мешіт жамағаты арасында футболдан жарыс өтті.
Жамағат арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайту мақсатында өткен додасына Шалқар ауданына қарасты мешіттерден 4 топ қатысып, өзара бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша «Жастар» І орын, «Қарилар» ІІ орын, «Аңсарлар» ІІІ орынды иеленді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі



































