Облыстық мешітте «Qurban 2026» штабы құрылды
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі мәжіліс залында облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің төрағалығымен жиын өтіп, «Qurban 2026» штабы құрылды.
Жиын барысында облыстың Бас имамы Құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында дін және мешіт қызметкерлерінен арнайы штаб құрды.
Күллі мұсылман асыға күткен Құрбан ай мерекесін өткізуге байланысты тапсырмалар жүктеді. Облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті құлшылық орны ғана емес, Ақтөбе қаласының алтын қазығы, руханияттың орнасы, басты айнасы екенін әрдайым назарда болу керектігін айтты.
«Қазіргі науқанда бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығаратын кезіміз»,-деп облыстың Бас имамы дін қызметкерлеріне қолдау білдірді. Одан өзге «Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде өткізуге баршамыз атсалысайық!» деген ізгі ниетін білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































