«Әз Наурыз —қазақтың жыл басы» мерекелік шарасы өтті
Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келген әз Наурыз мерекесін атап өту исі қазақтың әрқайсысына жарасымды дәстүр. Күн мен түннің теңелетін, ақтың молаятын, табиғаттың жаңғыратын, жаңаратын кезеңі қазақта “Ұлыстың ұлы күні” деп аталады.
Наурыз — қазақтың ежелден келе жатқан төл мейрамы. Бұл атаулы мерекені атап өту үшін “Бақытжан” мешіті әйел жамағаты ауызашар дастарханында басқосты.
Бұл басқосуда әжелер мен жастар жағы ұлттық нақышта киініп, қазақи рухты оятатын өлең, жырлар оқыды. Сондай-ақ “ас - адамның арқауы” деп ұлттық астан көрме жасалды. Мұнда қазақтың ұлттық тағамдары : бауырсақтар, ет асылып, сүт, айран, ірімшік, құрт , жент, тары, талқан, сары су, май, қаймаш бәрі - бәрі қойылды. Мерекеде дастарханның нағыз сәні болған - Наурыз көже асылып, жиналған жұртшылыққа үлестірілді. Мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова “Дәстүрім - бабалардан қалған аманат” деп сөз бастап, ұрпақтар сабақтастығы мен дәстүрді сақтаудың маңыздылығы жайлы айтты. Ақ жаулықты “Әжелер мектебі” әжелері ақ баталарын беріп, әдему кеш осылай тәмәмдалды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі