Белгілі ғалым Ерсін Әміре «Нұр Ғасыр» мешітінде уағыз айтты 3759

Белгілі ғалым Ерсін Әміре «Нұр Ғасыр» мешітінде уағыз айтты

30 қыркүйек 2024 270 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың Бас имамы Амантай Садиев ақшам намазынан кейін ҚМДБ Ғұламалар кеңесі мүшесі, Шымкент қаласы, «Сейітжан қари Есжанұлы» мешітінің Бас имамы, белгілі исламтанушы ғалым Ерсін қари Әміренің арнайы іс сапармен келгендігін айтып, жамағатқа таныстырды. 

Сонымен қатар құтты мекен Ақтөбеге, оның ішінде руханияттың қарашаңырағы «Нұр Ғасырға» атарытып келген ұстазға облыстың Бас имамы алғысын білдірді.

Ғалым уағыз барысында білім алудың маңыздылығы, мешітке байланған құлдардың қатарынан болу, ақыретке дайындық туралы кеңірек тоқталды.

Облыстық мешітте айтқан уағызды өкілдіктің сайты https://nurgasyr.kz/ мен https://www.youtube.com/@NurgasyrAktobe үouтube арнасынан көре аласыздар.

Айта кетсек, Ақтөбе қаласына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ Ғұламалар кеңесі мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті.

Одан өзге Ерсін қари Бекайдарұлы оқу ордасының асханасында жамағатпен өткен басқосуға қатысып, уағыз айтты. Одан өзге медресе-колледждің студиясында подкастқа түсті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі