ҚМДБ: Түркиядағы өкіл оқу орны ректорымен кездесті 1362

ҚМДБ: Түркиядағы өкіл оқу орны ректорымен кездесті

28 ақпан 2022 93 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі және «Талаба» студенттер қауымдастығының осы елдегі жетекшісі Жандос Айтбай Анкара қаласындағы Мұхаммед Хамидуллаһ атындағы халықаралық оқу орнының басшысы Хамза Иылмаз мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Жандос Айтбай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізе отырып, бауырлас екі елдің діні мен ділі бір екендігін және Қазақстан мен Түркия Діни басқармалары арасында өзара ынтымақтастық келісім орнағанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар Жандос Айтбай аталмыш оқу орнының базасымен танысып, онда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен сұхбаттасты.
Діни басқарма өкілі «Талаба» қауымдастығының Бас мүфти тапсырмасымен Түркияда оқитын қазақстандық жастармен қарым-қатынасты күшейту мақсатында және олармен жүйелі жұмыс жүргізетінін жеткізді.