«Қасапшылық әдебі және шариғи талаптар» атты семинары өтті 6368

«Қасапшылық әдебі және шариғи талаптар» атты семинары өтті

21 мамыр 2026 46 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының бас имамы, ҚМДБ «Халал Даму» орталығының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен және қала имамдарының қатысуымен қасапшыларға арналған «Қасапшылық әдебі және шариғи талаптар» атты арнайы оқыту семинары өтті.

Семинар барысында Құрбан айт кезінде құрбан шалу рәсімін шариғат талаптарына сай орындаудың маңыздылығы жан-жақты айтылды.

Сонымен қатар мал сою барысында сақталуы тиіс негізгі қағидалар мен қасапшылық әдебі кеңінен айтылды. Атап айтқанда, пышақты малға көрсетпей қайрау, малды сол жамбасымен жатқызып құбылаға қарату, құрбан шалуға ниет ету, «Бисмиллә, Аллаhу Акбар» деп айту, өңеш, кеңірдек және екі күре тамырын кесу, қан толық ағып, жан тапсырғанша күту тәрізді шариғи талаптар түсіндірілді.

Алмат Әли қасапшылардың сауалдарына жауап беріп, Құрбан айт күндеріндегі олардың қызметі аса маңызды әрі жауапты іс екенін атап өтті.

Одан өзге бірнеше қасапшыға арнайы «Қасапшылық» куәлігі табысталып, «Топатай» ет дүкеніне жаңартылған халал куәлігі берілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі