Жамағат табиғат аясында бас қосты
Қобда ауданның бас имамы Абай Шымболатовтың ұйымдастыруымен ауданға қарасты 6 мешіттің жамағаты табиғат аясында бас қосты.
Шара барысында арқан тарту, гір көтеру, садақ ату, құмдағы футбол, су астында ұзақ тұру спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды.
Ауданның бас имамы бірлік, мұсылманның қоғамдағы әдебі, айналаның тазалығы, адалдық туралы айта келе, жеңімпаздарды сыйлықтармен марапаттады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































