«MUFTIYAT» баспасы кітаптарының жәрмеңкесі өткізілді 5976

«MUFTIYAT» баспасы кітаптарының жәрмеңкесі өткізілді

24 ақпан 2026 34 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма күні «MUFTIYAT» баспасынан шыққан діни әдебиеттердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында баспадан жарық көрген діни-танымдық, тәрбиелік бағыттағы жаңа кітаптар жамағат назарына ұсынылды.

Қасиетті Құранда: «Раббыңның атымен оқы!» (Алақ сүресі, 1-аят) деп бұйырылуы – кітап пен ілімнің мұсылман өміріндегі маңызын айқындайды. Сондай-ақ Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Кім бір жақсылыққа жол көрсетсе, сол жақсылықты жасағандай сауап алады» деген. Осы тұрғыда пайдалы діни кітаптарды насихаттау – сауапты істің біріне жатады.

Кітап сүйер қауым рухани еңбектерге қызығушылық танытып, отбасылық тәрбие мен діни сауаттылықты арттыруға арналған кітаптарды көптеп алды. Аталған жәрмеңке дұрыс діни білімді насихаттауға және ҚМДБ бекіткен сенімді әдебиеттерді кеңінен таратуға бағытталды.

Айта кетсек, кітап жәрмеңкесі жұма күнінен бөлек әрбір өтетін іс-шараларда көпшілік назарына ұсынылады.