ҚМДБ «Дін және дәстүр» бөлімінің меңгерушісі облыстық мешітте жұма уағызын айтты 6547

ҚМДБ «Дін және дәстүр» бөлімінің меңгерушісі облыстық мешітте жұма уағызын айтты

14 шілде 2026 24 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Дін және дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Ерболат Нұрылдаұлы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма уағызын айтты. 

«Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау» тақырыбында исламдағы ихсан ұғымының мәні кеңінен түсіндіріліп, мұсылманның барлық ғибадаты мен амалын шынайы ықыласпен, Алла Тағаланың бақылауында екенін сезіне отырып атқаруының маңыздылығын айтты.

Ерболат Жүсіпов Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисіндегі: «Ихсан – Аллаға Оны көріп тұрғандай құлшылық етуің. Сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұр» деген өсиетіне тоқталып, әрбір мұсылманның жүрек тазалығын сақтап, ықыласын күшейтуі және көркем мінезді болуы дініміздің негізгі қағидаларының бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар жамағатты адалдыққа, жауапкершілікке, ізгілік пен тақуалыққа үндеп, күнделікті өмірде исламның асыл құндылықтарын берік ұстанудың қоғамның рухани дамуына қосар үлесі зор екенін түсіндірді.

Бөлім меңгерушісі ақтөбелік жамағатпен елдің амандығы мен жұрттың бірлігі үшін дұға жасады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі