«Qaz-Qatar» жобасы: 7 отбасыға 140 тауық табыстады 6549

«Qaz-Qatar» жобасы: 7 отбасыға 140 тауық табыстады

14 шілде 2026 36 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры жүзеге асырып жатқан «Qaz-Qatar» жобасы аясында кезекті қайырымдылық шарасы өтті.

«Балық берме, қармақ бер» қағидатын негізге алған жоба әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тұрақты кәсіпке баулып, олардың әл-ауқатын арттыруды мақсат етеді. Осыған орай, жоба аясында іріктелген 7 отбасыға құс шаруашылығын дамыту үшін жалпы саны 140 тауық табысталды.

"Тауықтарды өсіру арқылы әр шаңырақ өздерін күнделікті адал, табиғи өніммен (жұмыртқа, ет) қамтамасыз етеді; артық өнімді нарыққа шығарып, отбасылық бюджетке тұрақты кіріс әкеледі; балаларын жастайынан еңбекқорлыққа және шаруашылық жүргізуге баулиды, берілген қолдау арқылы отбасылар өз қажеттілігіне арналған табиғи өнім өндірумен қатар, артық өнімді өткізу арқылы қосымша табыс табуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ бұл бастама отбасы мүшелерін еңбекке баулып, шағын кәсіпті дамытуға жол ашады"- деді «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев.

ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қоры мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдау, оларды кәсіпке ынталандыру және тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған игі жобаларды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра береді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі