Облыстың Бас имамы Әйтеке би аудандық кітапханада болды
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев облысқа қарасты 12 ауданның қорытынды сапары ретінде Әйтеке ауданында болды.
Жұмысы сапары аясында «Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-не барып, кітапхана жұмысымен танысты.
Кездесу барысында Облыстың Бас имамы іс сапар рухани құндылықтарды дәріптеу мен ел арасындағы ынтымақтастықты арттырудың жарқын үлгісі екенін айтты.
Амантай Әбілдәұлы: «Кітап – біздің сан ғасырлық тарихымыздың құнды жәдігері. Ал кітапхана халықтың ең сүйікті, қасиетті, қастерлі үйі. Заман озып, технология дәуірі қанша қарыштап дамыса да кітап пен кітапхананың орны қашан да ерек», -дей келе, кітапхана — мәдени-ағартушылық ғимарат екендігін айтып, кітапхана қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тілеп, «Мүфтият» баспасынан шыққан «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын сыйға тарту етті.
Ал кітап өмірінің егізіне айналған кітапханашылар Амантай Садиевке алғысын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі


















































