Шалқар ауданында шәкірттер марапатталды 2317

Шалқар ауданында шәкірттер марапатталды

10 желтоқсан 2022 198 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының Әйел-қыздар қыздарының жетекшісі, "Матай Қоқанұлы" мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың жетекшілігімен әйел жамағаттары арасында "Тәуелсіздік — ең басты байлығымыз" тақырыбында іс-шара өтті.

Шара барысында ұстаз Жұлдыз Тлеубай "Білім алудың маңызы", "Ынтымақ пен бірлік" туралы уағыз-насихат жүргізді. Сонымен қатар психолог Құралай Құрбанова әйелдер арасында қызықты ойындар, тренинг өткізді. Ал "Жанаман Ахун Сейітімұлы" мешітінің ұстазы Бақытнұр Нұрмағанбетова логикалық сұрақтар қойды. 

Шара қортындысында Шалқар ауданының қыз-келіншектер арасындағы өткен іс-шараларға белсенді қатысып жүрген шәкірттерге "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы" КММ басшысы Т.Тобажанов  алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады.


Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі