«Рамазан және балалар» атты рухани кеш өтті
Қасиетті Рамазан айы отбасылық мереке. Бұл Рамазанның қадір-қасиетін, ерекшелігін балалар да білуі, сезінуі тиіс. Осыны мақсат тұтқан “Бақытжан” мешіті жамағаты еліміздің болашағы деп, әрі имандылық тәрбиесін жастайынан сіңіру үшін “Ислам және Отбасы құндылығы” жылында балаларға арналған ауызашар берді.
Ауызашарда балаларға арналған сұрақ жауаптар, тпнымды ойындар, мол сыйлықтар болды. Балалардың білетін Құран сүрелері мен дұғалары сұралды.
Сонымен қатар балаларға арналған тартулар мен сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі