"Тұрмыстық зорлық-зомбылық. Асыл аналар ғибраты" атты шара өтті. 3188

"Тұрмыстық зорлық-зомбылық. Асыл аналар ғибраты" атты шара өтті.

04 ақпан 2024 397 Оқу 1 минут

"Бақытжан" мешіті әйелдер сауат ашу курсының шәкірттеріне "Тұрмыстық зорлық-зомбылық. Асыл аналар ғибраты" атты шара өтті.

Тұрмыстық зорлық -зомбылық бүгінгі таңда қоғамда жиі белең алып тұрған жағымсыз көріністердің бірі . Осы зорлық-зомбылықтың әсерінен қаншама некелер бұзылып, шаңырақтар шайқалып, ұрпақ тәрбиесіне сызат түсуде, тағдырлар бүлінуде.

Ислам діні - жалпы зорлық-зомбылыққа қарсы, керісінше некенің мықтылығы мен бірлігі жолында мейірімді, көркем мінезді дәріптейді. Адамзаттың асылы Пайғамбар Мухаммад с ғ с өз хадистерінде әйел затына жұмсақтықпен қарауды, оларды ұрмауды, тіл тигізбеуді өсиет етеді.

Мінекей мешіт шәкірттеріне некенің мызғымастығы мен зорлық-зомбылықтардың алдын -алу жолында асыл аналар өмірінен үлгілер көрсетіліп, Пайғамбарымыздың отбасындағы мінсіз бейнесі: қамқор жар, мейірбан әке образы сирамен, сүннетпен салмақтанып сараланып айтылды. Сол секілді шәкірттердің де пікірлері тыңдалып, ортада талқыға салынды.

Ел іргесі, ел бірлігі әр отбасынан басталады десек, ерлі зайыптылардың бір-бірін түсініп, құрметтеп , күш көрсетпей, көркем мәміле жасап өмір сүруі қоғамның саулығы, ұлттың ұлт болу өміршеңдігінің айғағы болмақ.