Шалқарда интелектуалды жарыс өтті 3192

Шалқарда интелектуалды жарыс өтті

04 ақпан 2024 402 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының әйел жамағаты арасында "Қазақ зиялыларының өміріндегі Ислам" тақырыбында интелектуалды жарыс өтті.

Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында "Қазақ зиялыларының өміріндегі Ислам" тақырыбында интелектуалды жарыс өтті.

Жарыс 4 кезеңнен тұрды. Олар: 1. Қазақ зиялыларының өмірбаяны

2. Қазақ зиялыларының дінге қосқан үлесі

3. Тест сұрақтары

4. Логикалық сұрақтар


Жарыс нәтижесі бойынша I орынды "Айва" командасы, II орынды "Алаш" командасы, III орынды "Фирдаус" командасы иеленді.

Қатысушылар ауданның бас имамы Абзал Медетбековтың алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарға ие болды.