Ақтөбе: «Алланың көркем есімдері мен сырлары» атты онлайн марафон ұйымдастырды 2350

Ақтөбе: «Алланың көркем есімдері мен сырлары» атты онлайн марафон ұйымдастырды

12 қаңтар 2023 263 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айына дайындық әрі Алла Тағаланы тану, пенденің Раббысына деген махаббатын арттыру мақсатында «Бақытжан» мешіті ұстазы Анар Қойшығұлова мешіт жамағатына арнап «Алланың көркем есімдері мен сырлары» атты онлайн марафон өткізіп, 134 адам қатысты.

Аталған марафонға мешіт шәкірттерімен қатар қалалық әйел жамағаты да қатысты. Бір жарым айға созылған уақыт аралығында әйел жамағаты Алланың көркем 99 есімдерін мағынасымен жаттап қана қоймай, сонымен қатар әр есімдердің мән-мағынасы аят, хадистермен ашықталып, көркем есімдерден алатын пенденің үлесі туралы да түсіндіріліп өтті.

Марафон қортындысында шәкірттер тест сұрақтары арқылы 3 рет емтихан тапсырып, өз білімдерін пысықтап отырды. Одан өзге онлайн марафон қортынды ретінде офлайн салтанатты шара ұйымдастырылып, жақсы нәтиже көрсеткен шәкірттер марапатталды.

Қатысушылар ұйымдастырушы ұстазға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі