Әйел жамағатына "Рамазанға рухани дайындық; жан мен тән саулығы" атты семинар практикум ұйымдастырылды 3187

Әйел жамағатына "Рамазанға рухани дайындық; жан мен тән саулығы" атты семинар практикум ұйымдастырылды

04 ақпан 2024 438 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласы, "Бақытжан" мешіті әйел жамағатына қасиетті ай Рамазан айы алдында рухани дайындық туралы семинар өтті. Бұл шараға 40-қа жуық әйел азаматшалар қатысты.

Күнәлардан арылып, жақсы мінез -құлықтарға тәрбиелеп, нәпсіні тізгіндіп, рухани тұрғыдан байып, сауаптар еселенетін Қасиетті Рамазан айын барынша тиімді, ұтымды пайдаланып, берекесіне молынан қанығу үшін Ережеп, Шағбан айларын нәпіл амалдармен : нәпіл оразалар ұстап, намаздарда ұзағырақ тұрып, Құран сүрелерін жаттап, ережелерін қайталап, садақалар тұрақты, аз-аздан беріп, күнді жоспарлап, жақсы әдеттерге нәпсіні баулудың маңызы туралы ұстаз Анар Қойшығұлова кеңінен тоқталып өтті.

Жоғары медициналық білімі бар фармацевт, мешіт шәкірті Кугабаева Гулназ Рамазан алдындағы тән саулығы : ағзаны оразаға дайындау, оразаның физикалық пайдасы, дәрумендердің пайдасы мен мөлшері, ана мен бала денсаулығы туралы кеңінен тоқталып, слайдтармен түсіндіріп өтті.

Жалпы семинар барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тұщымды толық жаупп алып, қажетті мәліметтерді қағазға түртіп отырды.

Семинар соңында әйел жамағаты семинарлардың өте пайдалы болғанын айтып, ризашылықтарын білдірді, алдағы уақытта да жалғасын тапса екен деген де тілектерін жеткізді.