Алғаш рет интерактивті тақтамен дәріс өтті 2086

Алғаш рет интерактивті тақтамен дәріс өтті

12 қыркүйек 2022 132 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ұстаз Ардақ Бағдалқызы алғаш рет интерактивті тақтамен дәріс өтті.

Ұстаз мультимедиалық электрондық оқыту құралдарының бірі ретінде интерактивті тақтаны қолдану арқылы Сауат ашу курсындағы «Әліппе» тобы мен Жалғастырушы топта оқитын «Тәжуид ережесі» тобындағы шәкіртеріне дін мен дәстүр аясындағы жаңа оқу әдісі арқылы сабақ түсіндірді.

Сонымен қатар облыстық мешіттің ұстазы Ардақ Бағдалқызы «Әдеп» сабағында «Ата-ананың алдындағы әдеп» туралы уағыз-насихат жүргізді.

Одан өзге шәкірттер облыстық мешіттегі жаңа мультимедиалық құралмен дәрістің өтуін ерекше ықыласпен қабылдады. Мешіт басшылығы мен ұстаздарына алғысын білдірді.

Айта кетсек, жуырда ғана «Нұр Ғасыр» мешітінде жаңа оқу жылының басталуына орай әйелдердің заманауи дәрісханасы ашылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі