Темір: «Зияткер имам – қоғам талабы»  тақырыбында сайыс өтті 2994

Темір: «Зияткер имам – қоғам талабы» тақырыбында сайыс өтті

12 қазан 2023 119 Оқу 1 минут

Темір аудандық «Досжан Ишан» мешітінде ауыл имамдарына арналған «Зияткер имам – қоғам талабы» тақырыбында сайыс өтті.

Семинар барысында ауданға жаңадан тағайындалған Бас имам Зарлық Ералин ауыл имамдарына ҚМДБ-ның 5 бағыты бойынша жұмыстарын атап өтіп, жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстар ретін таныстырды.

Бас имам семинар барысында зияткер имам қандай болуы керек деген тақырыпқа жіті тоқталды. Сонымен қатар имамның сыртқы бейнесі, халықпен, жамағатпен мәмілесі дұрыс болуы керектігі жайында айтып өтті.

Сонымен қатар мешіттің ішкі тәртібі, хәл-ахуалы туралы айта келе, ауданның діни ахуалын жақсарту мақсатында жасалатын жұмыстар пысықталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі