Ақтөбе: «Сүннетке арнаған бір күнім» атты спорттық шара өтті
ҚМБД Ақтөбе облысы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Сүннетке арнаған бір күнім» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған жарыста «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова мен Қобда аудандық мешітінің ұстазы Баян Мұсатахап және «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Айнұр Мырзабаева спорттық төрешісі болды.
Жиналған әйел жамағаты «Жүйрік ару», «Шапшаң әже» атты жүгіру марафонында бақ сынады.
Марафонға 15 әже, 47 қыз-келіншек қатысты. Нәтижесінде жедел жүруден озып шыққан Бекмағамбетова Лиза І орын иеленді. Ал ІІ-ші орын Қарлығаш Елгелдиева, ІІІ орын Қанымқұлова Гүлбаршын еншісіне бұйырды.
Сонымен қатар жастар арасындағы марафон сайысында Айгерім Елеусинова көш бойы озып келсе, ІІ болып мәреге Зинеден Гауһар жетіп, ІІІ орынды Ақнұр Жамбыл иеленді.
Одан өзге мергендер арасындағы сайыста Базарова Айжан жеңімпаз атанды.
Үстел теннисі жарысында Сидакина Ғалия жоғары нәтиже көрсетті.
Жеке сайыс тәмам болғаннан соң топтық жарыс басталды. 3 команда атап айтқанда «Нұр», «Рауда», «Райян» командалары 5 кезеңнен тұратын додаға қатысып, І орын «Нұр» командасы, ІІ орын «Рауда», ал ІІІ орынды «Райян» командасы иеленді.
Шара соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ақ жаулықты әжелер батасын беріп, жастар жағы осындай іс шаралар жалғасын тапсын деген тілек білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі