Ақтөбе: Имамдар тағайындалды 1349

Ақтөбе: Имамдар тағайындалды

25 ақпан 2022 412 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің имамдар қатары тағы да екі білікті маманмен толықты. 

Атап айтар болсақ, Марал Ермекбайұлы – өңіріміздегі Ақтөбе медресе колледжінің түлегі. Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы және Хромтау аудандық жастар ресурсы және жастар арасындағы Дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығында теолог маман ретінде қызметтер жасаған.

Ал Ерәлі Құлмағанбетұлы «Ықылас» қарилар дайындау орталығының түлегі. Ижазасы бар қари
әрі «әл-Азһар» университетінде білім алған.

Бүгінгі таңда Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалып, жамағатқа пайдалы білім бермек.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы дін саласында 7 жылдық тәжірибесі бар Марал Ермекбайұлы мен қари Ерәлі Құлмағанбетұлының қалалық орталық мешітке наиб имам қызметіне тағайындау туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын жұма намазында жамағатқа таныстырып, имамдардың қызметтеріне сәттілік тіледі.

Дін саласындағы жауапты қызметке орналасқан қос маманның жұмысы берекелі болып, игі істердің бастамашылары болуға тілектестік білдіреміз!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі